Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты
Фото: ©twitter.com/ManCity

Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі 5-турда "Манчестер Сити" өз алаңында "Лейпцигті" 3:2 есебімен ұтты. Ойында бір голды Эрлинг Холанд соқты. Бұл оның осы турнирдегі 40-голы болды. 

23 жастағы норвег шабуылшысы 40 голды 35 ойында соғып, рекорд жаңартты. Бұған дейін бұл көрсеткіш нидерланд шабуылшысы Руд ван Нистелройға тиесілі еді. Ол 40 голды 45 ойында соққан. 

"Манчестер Сити" 15 ұпаймен "G" тобында көш бастап келеді. Плей-оффқа жолдама алып үлгерді. "Лейпциг" 9 ұпаймен екінші орында тұр. 

Түнде 5-тур ойындарының нәтижелері: 

"E" тобы

"Лацио" - "Селтик" - 2:0
"Фейеноорд" - "Атлетико" - 1:3

Турнир кестесі: "Атлетико" - 11 ұпай, "Лацио" - 10, "Фейеноорд" - 6, "Селтик" - 1.

"F" тобы

"Милан" - "Боруссия" (Дортмунд) - 1:3
ПСЖ - "Ньюкасл" - 1:1

Турнир кестесі: "Боруссия" - 10 ұпай, ПСЖ - 7, "Ньюкасл" - 5, "Милан" - 5.

"G" тобы 

"Манчестер Сити" - "Лейпциг" - 3:2
"Янг Бойз" - "Црвена Звезда" - 2:0

Турнир кестесі: "Манчестер Сити" - 12 ұпай, "Лейпциг" - 9, "Црвена Звезда" - 1, "Янг Бойз" - 1.

"H" тобы 

"Шахтер" - "Антверпен" - 1:0
"Барселона" - "Порту" - 2:1

Турнир кестесі: "Барселона" - 12 ұпай, "Порту" - 9, "Шахтер" - 9, "Антверпен" - 0.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай