"Пенальти болмады!". Роналду әділ ойынымен жанкүйерлер қошеметіне бөленді

"Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Азия Чемпиондар лигасындағы "Персеполиске" (Иран) қарсы ойында төреші қателігін түзетіп, жанкүйерлер қошеметіне бөленді. 

Ойынның 2-минутында-ақ қонақтар қақпасына бас төреші пенальти белгіледі. Айып алаңы ішіндегі қарбаласта португалдық футболшы жығылып қалған еді. Алайда Роналду ереже бұзылмағанын айтып, төрешіге VAR қарауын сұрады. Қайталауды көргеннен кейін төреші өз шешімін өзгертіп, пенальти алынып тасталды. 

"Е" тобындағы бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. "Әл-Наср" 13 ұпаймен топта бірінші орын алып, 1/8 финалға жолдаманы иеленді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай