Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлем чемпионатының іріктеуінде Жапониямен ойнайды

Теннистен Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды.

Матч алдағы жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!