Қазақстан құрамасының "Дэвис кубогындағы" қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасының "Дэвис кубогындағы" қарсыласы анықталды
Фото: ktf.kz

Қазақстан құрамасының 2024 жылғы "Дэвис кубогындағы" қарсыласы белгілі болды.  Юрий Щукиннің шәкірттері сырт алаңда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Екі құрама арасындағы ойын 2024 жылы 2-3 немесе 3-4 ақпанда өтеді.

Қазақстан мен Аргентина осыған дейін өзара екі рет ойнаған. 2011 жылы 1/4 финалда қазақстандықтар Буэнос-Айресте 0:5 есебімен есе жіберді. Ал 2017 жылы Астанада плей-офқа іріктеу сатысында Қазақстан 3:2 есебімен ұтты.

Әлемдік рейтингіде Қазақстан – 13, Аргентина 19-орында тұр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай