"Көргім де келмейді". Балуан Ислам Байрамуков 23 жылдан бері не үшін өкініп жүргенін айтты

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, балуан Ислам Байрамуков не үшін өкінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы "Алғашқы" бағдарламасында айтты. 

"Өмірде неше түрлі жағдайлар болады ғой. Кәсіби спортшы болғаннан кейін спорттағы "әттеген-ай" - Олимпиада ойындарында финалға шықтым. Финалда, өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Осы күнге дейін бейнесін қараған жоқпын. 23 жыл өтті. Көргім де келмейді", - дейді спортшы. 

Ислам Байрамуков Сидней Олимпиадасының финалын көрмегенін атап өтті. 

"Әлі көргім де келмейді. Жанға батқан жара бар. "Әттеген-ей, соңғы сәтте неге барымды салып, жеңіске жете алмадым?" деген ой әлі бар ішімде", - дейді спортшы.   

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!