Магомед Адиев "Ақтөбе" футбол клубын жаттықтырмақ

Магомед Адиев "Ақтөбе" футбол клубын жаттықтырмақ
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев "Ақтөбе" командасының тізгінін ұстайды. Бұл туралы комментатор Ермұхамед Мәулен telegram арнасында жазды. 

"Ресми: Магомед Адиев – "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері" - деп жазды спорт маманы. 

"Ақтөбе" футбол клубын бұған дейін Андрей Карпович жаттықтырған еді. Ол жақында премьер-лигаға оралған "Елімай" командасының бас жаттықтырушысы қызметіне ауысты. 

Өткен маусымда ақтөбелік команда ел чемпионатында үздік үштікке ілікті. Келер маусымдағы еурокубок ойындарында ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарынан кейін ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Магомед Адиев қазақстандық клубтардың бірін жаттықтыруы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай