Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Таиландағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.

Сондай-ақ Даниал Рахматуллаев 114-ке (+2), Виталий Зацепин 154-ке (+16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!