Қазақстан құрамасы ушудан әлем чемпионатына 4 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ушудан әлем чемпионатына 4 медаль жеңіп алды

АҚШ-тың Даллас қаласында (Техас штаты) ушудан 16-шы әлем чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Санда түрінен Ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында +90 кг салмақта финалға шыққан Нұрсұлтан Тұрсынқұлов аса тартысты өткен жекпе-жекте қытайлық спортшыдан жеңіліп қалды.

Ал Бексұлтан Коскенов (65 кг), Ислам Каримов (56 кг) және әйелдер арасында Ақниет Марат (75 кг) жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы жиналды. Қазақстан 4 жүлдемен жалпы есепте АҚШ-пен бірге 16-сатыға тұрақтады. Далласта жүлде алған мемлекеттер саны 30-дан асады.

Есіңізге сала кетейік, осыған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Шанхай қаласында өткен. Ол кезде Ұлттық құрама Ислам Каримов (52 кг) жеңіп алған жалғыз қоланы қанағат тұтқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай