Маңызды матч! Словения – Қазақстан ойынын қайдан көруге болады?

Бүгін түнде футболдан Словения мен Қазақстан ұлттық құрамалары "Н" тобындағы екінші жолдама үшін маңызды матч өткізеді. Люблянадағы ойын Астана уақытымен түнгі 01:45-те басталады. 

Ойынды QazSport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ осы сілтемеге өту арқылы онлайн тамашалауға болады. 

"Н" тобында Дания құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алып үлгерді. Екінші жолдама иесі осы ойында анықталады. Қазақстан үшін тек жеңіс керек, словендерді тең ойын да қанағаттандырады. Қазіргі таңда Словенияда – 19, Қазақстан құрамасында 18 ұпай бар. 

Люблянадағы ойынға поляк Шимон Марциняк бас төреші болады. Ол 2022 жылы өткен әлем чемпионатының финалындағы Аргентина мен Франция ойынына қазылық жасаған. 

Еуропа чемпионатына әр топтан екі құрама шығады. Қалған үш құрама Ұлттар лигасы арқылы анықталады. 

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңде 24 құрама қатысады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!