Спартакиада аяқталды! Қазақстанның үздік боксшылары белгілі болды

Спартакиада аяқталды! Қазақстанның үздік боксшылары белгілі болды
Фото: KFB

Бокстан 13-19 қараша күндері аралығында Астана қаласында өткен VI жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты.

Екі бірдей финалдық жекпе-жекте әлем чемпиондары жұдырықтасты. 51 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы атағына ие Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай жұдырықтасты. Шайқасқа толы болған жекпе-жекте алғашқысының мысы басым болды. Сондай-ақ 80 килоға дейінгі салмақта да чемпиондар шайқасы өтіп, Нұрбек Оралбай Бекзад Нұрдәулетовтен басым болды. 

4 боксшы екінші жазғы Спартакиадада қатарынан чемпион атанды: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Шайкен (Ақмола облысы), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі). 

Турнирдің ең үздік боксшысы — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)
Турнирдің ең егде чемпионы — Теміртас Жүсіпов (35 жас)
Турнирдің ең жас чемпионы — Темірлан Мұқатаев (19 жас)
Турнирдің жаңа есімі — Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы)
Турнирдің ең үздік төрешісі — Тілек Манап

ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ҚАЙ ОБЛЫС ТОП ЖАРДЫ?

Астана қаласы — 3 алтын, 2 күміс
Жамбыл облысы — 3 алтын
Түркістан облысы — 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
Ақмола облысы — 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
Алматы қаласы — 1 алтын, 4 қола
Қызылорда облысы — 1 алтын, 2 қола
Шымкент қаласы — 1 алтын, 1 қола
Павлодар облысы — 2 күміс, 3 қола
Атырау облысы — 2 күміс
Абай облысы — 1 күміс, 3 қола
Алматы облысы — 1 күміс, 3 қола
БҚО — 1 күміс, 1 қола
Манғыстау облысы — 1 күміс, 1 қола
Ұлытау облысы — 2 қола
ШҚО — 1 қола
Қарағанды облысы — 1 қола
Жетісу облысы — 1 қола
Қостанай облысы — 1 қола

VI жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

48 кило

Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)
Асхат Жүсіпов (Астана қаласы)
Ернар Қарап (Абай облысы)
Ернұр Қайрат (Шымкент қ.)

51 кило

Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)
Санжар Тәшкенбай (Астана қаласы)
Даниал Сәбит (БҚО)
Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы)

54 кило

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы)
Кенже Мұратұлы (Алматы облысы)
Тимур Қабдешов (Ақмола облысы)
Дәулет Молдашев (ШҚО)

57 кило

Махмұд Сабырхан (Шымкент қ.)
Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)
Ерболат Сабыр (Павлодар облысы)
Асылжан Серікбай (Ұлытау облысы)

60 кило

Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы)
Руслан Күзеубаев (Абай облысы)
Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы)
Алмат Абдуали (Жетісу облысы)

63 кило

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы)
Серік Теміржанов (Павлодар облысы)
Жандос Қыдыралиев (Алматы қ.)
Ерасыл Таңқай (Алматы облысы)

67 кило

Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы)
Бахтияр Смағұлов (Павлодар облысы)
Елнұр Сүйінбай (Қостанай облысы)
Рахат Сейтжан (Маңғыстау облысы)

71 кило

Талғат Шайкен (Ақмола облысы)
Сабыржан Аққалықов (БҚО)
Фарух Тоқтасынов (Алматы қ.)
Дархан Дүйсебай (Алматы облысы)

75 кило

Диас Молжігітов (Жамбыл облысы)
Нұрқанат Райыс (Атырау облысы)
Тимур Нұрсейітов (Ұлытау облысы)
Азамат Бектас (Қызылорда облысы)

80 кило

Нұрбек Оралбай (Астана қ.)
Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы)
Ерасыл Жақпеков (Абай облысы)
Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы)

86 кило

Темірлан Мұқатаев (Астана қ.)
Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)
Шаймұрат Құсайынов (Павлодар облысы)
Бекзат Таңатар (Шымкент қ.)

92 кило

Айбек Оралбай (Астана қ.)
Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы)
Данияр Рахымбердинов (Алматы қ.)
Ерхат Бекзат (Абай облысы)

+92 кило

Дамир Тойбай (Алматы қ.)
Аманат Сабырғали (Атырау облысы)
Олжас Букаев (Павлодар облысы)
Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы)

Келесі жазғы Спартакиада 2027 жылы өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай