Тоқаев Қазақстан - Сан-Марино матчінен кейін кішкентай балаға ерекше сыйлық жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан - Сан-Марино матчінен кейін астаналық балаға жанкүйерлер шарфын сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына барған еді.

Жанкүйерлер елдің туын желбіретіп, бір-бірін құттықтады. Кішкентай жанкүйер Президентке туды бұлғады, ал Тоқаев жанкүйерлер шарфын сыйға тартты. 

Еске салайық, Қазақстан Еуро іріктеу кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті. Ойынның 19-минутында ұлттық құрамадан Ислам Чесноков қарсыластардың қақпасына алғашқы голды соғып, есепті ашты. Екінші таймның 51-минутында тағы да Ислам Чесноков гол салып, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда 9 минуттан кейін (60-минутта) Сан-Марино құрамасынан Франкиоси Қазақстан құрамасына гол салып, есеп 2:1 болды. 92-минутта Абат Айымбетов пенальти арқылы үшінші голды соқты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!