"Астана аренадағы" қоқысты жинап кеткен жанкүйерлер тағы да көпшілікті сүйсінтті

Футболдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері Сан-Марино командасына қарсы ойыннан кейін "Астана арена" стадионындағы қоқыстарды тазалап, әлеуметтік желі қолданушыларын тағы бір қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі видеолардан еріктілер ғана емес, жанкүйерлер де трибунада қоқыс жинап жүргенін көруге болады.

"Футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігі ғана емес, олардың тазалығы кімді болмасын таң қалдырды. Өйткені, тазалық жұмысына "Астана жастары" КММ белсенділері мен еріктілері де, Астананың тұрғындары да атсалысты", - деп хабарлады Астана әкімдігі.

Қазақстанның Сан-Марино құрамасына қарсы ойыны Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында өтіп, 3:1 есебімен қазақстандықтардың айқын жеңісімен аяқталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!