Жыл жекпе-жегі! Бибосынов пен Тәшкенбай жартылай финалға шықты

Бокстан Астанада өтіп жатқан Қазақстан Спартакиадасында 51 килоға дейінгі салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар анықталды. Әлем чемпионы атағына ие Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов 1/4 финалдағы қарсыластарын айқын жеңіп шықты. 

Ширек финалда Сәкен Бибосынов Ғаббас Дүйсекеевті жеңсе, Санжар Тәшкенбай Бекзат Алдамжаровтан басым болды. Екі боксшы жартылай финалдағы жекпе-жегін ертең өткізеді. 

1/2 финалда Сәкен 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниал Сәбитпен жұдырықтасса, Санжар Дамир Әбдіқадырмен қолғап түйістіреді. Екеуі де жеңіске жетсе, финалда кездесетін болады. 

Жекпе-жектерді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!