Қазақстан – Сан-Марино ойынын қай жерден көруге болады?

Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчін қайдан көруге болатыны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін 21.00-де елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл ойында Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасымен кездеседі.

Трансляция "Қазспорт" телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына кіру жанкүйерлер үшін тегін болмақ.

Жанкүйерлерге ыңғайлы болу мақсатында және кептелісті азайту үшін сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады:

- "Астаналық цирк" тұрағы;
- "Қазақстан" СК тұрағы;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
- "Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- "Жастар" сарайының тұрағы.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!