Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі ойынға қазылық жасайды

Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионаты іріктеуіндегі ойынға қазылық жасайды
Фото: kff.kz

Қазақстандық төрешілер 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Беларусь және Андорра құрамалары арасындағы ойынға қазылық жасайды. Кездесу 18 қарашада Астана уақытымен 23:00-де басталады. 

Ойынның бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Калачев пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Айдын Тасыбаев атқарады.

Ойын Будапештегі (Мажарстан) Ференц Суса стадионында өтеді.

Айта кетейік, ертең Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында "Астана Аренада" Сан-Мариномен ойнайды. Бұл Магомед Адиев шәкірттері үшін маңызды ойындардың бірі. 

О. Сансызбай