Месси мансабындағы ең үздік жаттықтырушы есімін атады

Месси мансабындағы ең үздік жаттықтырушы есімін атады
Фото: ©instagram.com/leomessi/

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси спорттық мансабындағы ең үздік жаттықтырушы ретінде Хосеп Гвардиола есімін атады. 

Менің мансабымдағы ең үздік жаттықтырушы екеніне еш күмәнім жоқ. Гвардиоланың әр ойынға дайындаған өз жоспары болады, сондай-ақ әр ойыншымен ойын жүйесін бірге талқылайды, - дейді Месси Globo Esporte басылымына берген сұхбатында. 

Месси 2008-2012 жылдар аралығында "Барселона" командасын Хосеп Гвардиола жаттықтырды. Бұл аралықта каталондық клуб Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алды. 

"Барселонадан" кейін Гвардиола "Бавария" клубын, кейіннен "Манчестер Сити" тізгінін ұстады. Өткен маусымда ағылшындық клубпен испандық маман требл жасады: АПЛ, Англия кубогы және Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды. 

О. Сансызбай