2023 жылы ең көп табысқа кенелген футболшылар рейтингі жарияланды

2023 жылы ең көп табысқа кенелген футболшылар рейтингі жарияланды
Фото: forbes.com

Forbes журналы 2023 жылы ең көп табысқа кенелген футболшылар тізімін жариялады. Көш басына португалдық футболшы Криштиану Роналду орналасқан. 

Басылым ақпараты бойынша Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнап жүрген футболшы биыл 260 миллион долларға байыған. Оның 200 миллионын еңбекақысы мен қосымша сыйақылары құраса, қалған 60 миллионын демеушілері төлеген. 

Екінші орында – Лионель Месси. Аргентиналық футболшының биылғы табысы 135 миллион доллар шамасында. 

Үштікті бразилиялық футболшы Неймар түйіндеп тұр. Ол 2023 жылы 112 миллион доллар тапқан. Париждің ПСЖ клубынан Сауд Арабиясы командасына ауысқан ойыншы жақында ауыр жарақат алып, биылғы маусымды ерте аяқтады. 

Биыл ең көп табысқа кенелген футболшылар рейтингі:

1. Криштиану Роналду ("Әл-Наср")  - 260 миллион доллар;
2. Лионель Месси ("Интер Майами) - 135 млн;
3. Неймар ("Аль-Хиляль")- 112 млн;
4. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 110 млн;
5. Карим Бензема ("Аль-Иттихад") - 106 млн;
6. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 58 млн;
7. Мұхаммед Салах ("Ливерпуль") - 53 млн;
8. Садио Мане ("Әл-Наср") - 52 млн;
9. Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") - 39 млн;
10. Харри Кейн ("Бавария") - 36 млн;
11. Роберт Левандовски ("Барселона") - 34 млн.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай