Ұлттық құрама Зайнутдиновтың денсаулығына байланысты ресми мәлімдеме жасады

Ұлттық құрама Зайнутдиновтың денсаулығына байланысты ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың денсаулығына байланысты сұраққа жауап беріп, алдағы маңызды ойындарға қатыса алмайтынын хабарлады, - деп жазды Vesti.kz.

Бахтиер Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына қатыса алмайды. Қанша уақытта жарақатынан айығарын білмеймін. Дәрігерлер әлі уақытын айтпады, - деп жауап берген Адиев "СЭ" басылымына берген сұхбатында. 

Магомед Адиев жауабынан кейін ұлттық құраманың баспасөз қызметі де Бахтиердің алдағы екі ойынға қатыспайтыны жайлы ресми ақпарат таратты. 

Өкінішке қарай Бақтиер Зайнутдинов Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға қатыса алмайды. Бақтиер "Бешикташ" – "Ыстамбұл Башакшехир" матчында мұрын сүйегі мен көз ұясының негізі сындырып алды. Емделуге кеміне 2-3 апта уақыт кетеді, - деп мәлімдеді

Айта кетейік, Зайнутдинов кеше "Бешикташ" командасы сапында "Башакшехирге" қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шықты. Бірінші тайм аяқталар тұста ауыр жарақат алып, алаңдағы орнын босатты. Кейіннен белгілі болғандай, мұрны сынып, көзіне зақым келген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай