Жеңілмеген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (16-0, 12 КО) өз мансабындағы маңызды жеңіске жетіп, WBO Global чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Спортшы Брайтондағы (Англия) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті, - деп хабарлайды on.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Заурбектің қарсыласы аргентиналық Серхио Мартин Соса болды (13-4, 3 КО). Алтыншы раундта қазақстандықтың орындауындағы екінші нокдауннан кейін жекпе-жек тоқтатылды.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбектің есебінде WBO European нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуі бар.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!