"Барыс" Қазақстан құрамасы хоккейшісін қатарына қосты

"Барыс" Қазақстан құрамасы хоккейшісін қатарына қосты
Фото: Барыс ХК

"Барыс" хоккей клубы ұлттық құрама ойыншысы Евгений Рымаревпен маусым соңына дейін біржақты келісімшарт жасасты. Келісімшарт уақыты 2024 жылдың сәуір айының соңына дейін жарамды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Евгений елордалық команда жанкүйерлері үшін жақсы таныс ойыншы. Ол бұған дейін "Барыс" сапында ойнаған. Құрлықтық хоккей лигасында 207 ойын өткізген. 

Кейінгі жылдары Рымарев Бүкілресейлік хоккей лигасындағы клубта ойнады. Биылғы маусымды "Югра" командасы сапында бастап 2 шайба және 8 нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, бұған дейін "Барыс" канадалық Энтони Камара мен ресейлік Даниил Апальковты қатарына қосқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай