Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысқан елмен ойнайды

Қазақстан құрамасы Қатар құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Кездесу желтоқсан айына жоспарланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Серый CARDINAL" Telegram-каналына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Қатар құрамасымен ойнайды, Қатар-Қазақстан жолдастық кездесуі 16 желтоқсанда Дохада немесе Лусаилда өтеді деп жоспарланып отыр.

Футболдан Қатар ұлттық құрамасы өте қызықты қарсылас.

- ФИФА рейтингінде 61-орында тұр;

– 2022 жылы бұл ел әлем чемпионатын өткізді;

– 2019 жылы Қатар финалда Жапонияны 3:1 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

– Әлем чемпионатында катарлықтар үш ойын өткізіп, үшеуінде де жеңілді. Эквадор (0:2), Сенегал (1:3) және Нидерланды (0:2)", - деп жазды дереккөз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!