Әлем чемпионаты тарихындағы үздік футболшылар

Әлем чемпионаты тарихындағы үздік футболшылар

Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшылар рейтингін жариялады. Олар футболшылардың "мундальдағы" жетістіктеріне баса мән берген. 

Рейтинг көшін "футбол патшасы" Пеле бастап тұр. Ол 17 жасында әлем чемпионатына қатысқан. Үш бірдей дүбірлі доп додасында (1958, 1962 және 1970 жылдары) топ жарған. Төрт әлем чемпионатына қатысып, 14 ойында 12 гол соққан. 

Екінші орында – Лионель Месси. Ол Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ биыл "Алтын доп" саны бойынша да жеке рекордын жаңартты. 

Үшінші орынға тағы бір аргентиналық аңыз футболшы Диего Марадона орналасқан. Ол әлем чемпионатында 21 ойынға қатысып, 8 гол соққан. 

Әлем чемпионатының үздік футболшылары қатарына португалдық Криштиану Роналду енбей қалған. 

Мундиаль тарихындағы үздік 10 футболшы:

1. Пеле (Бразилия).
2. Лионель Месси (Аргентина).
3. Диего Марадона (Аргентина).
4. Роналдо (Бразилия).
5. Зинедин Зидан (Франция).
6. Франц Беккенбауэр (Германия).
7. Килиан Мбаппе (Франция).
8. Эйсебио (Португалия).
9. Мирослав Клозе (Германия).
10. Гарринча (Бразилия).

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай