Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуіне дайындығын бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеуіне дайындығын бастады
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі маңызды ойындарға іріктеуді бастады. 

Қараша айында Магомед Адиев шәкірттері екі ойын өткізеді. 17 қараша күні "Астана Аренада" Сан-Мариномен ойнаса, ал араға 3 күн сала сырт алаңда Словениямен ойнайды. 

Құраманың оқу-жаттығу жиындары Астана қаласында өтеді. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады.

Жиын туралы айта кететін жаңалықтар:

Бапкерлер штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына "Ордабасыдан" Максим Федин шақыртылды.

Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бекхан Шайзада, Бағдат Қайыров жаттығу жұмыстарына ертең қосылады.

Абат Айымбетов, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Александр Заруцкий, Ян Вороговский, Владислав Прокопенко УЕФА Конференциялар лигасының матчынан кейін құрамға қосылады.

Самат Жарынбетов жарақатына байланысты ұлттық құрамаға келмеді.

Бақтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Лев Скворцов, Александр Зуев ұлттық құрамаға 12-13 қараша күндері қосылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "Н" тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпаймен 3-орында келеді. Көш басында 19 ұпай жинаған Словения мен Дания құрамалары тұр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай