Қазақстандық жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ktf.kz

Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады.

Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина теннисшілерін ұтты.

Бірінші болып кортқа шыққан Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) Соль Айлинді (117 ITF Juniors ranking) кортқа шықты. Тартысты өткен ойында отандасымыз 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12. Жалпы есепте 2:1 қазақстандық жасөспірімдер жеңіске жетті. 

Командалық әлем чемпионатының "В" тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді. Ұлыбританиялықтар бірінші ойында бразилиялықтарды 3:0 есебімен ұтты.

Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бразилия теннисшілеріне қарсы ойын өткізеді.

Қазақстан теннис федерациясының демеушілері – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай