Бокстан Еуропа чемпионы мейрамханада оқ жаудырды: куәгер оқиға туралы айтты

Фото: видео кадры

Бокстан Еуропа чемпионы, Ресей құрамасының бұрынғы мүшесі Никита Иванов мейрамханада оқ атты. Бұл істің мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Замоскворечье ауданы бойынша ІІБ тергеушілері бұрын ұсталған Тамбов облысының 1986 жылы туған тұрғынына қатысты Мәскеу орталығындағы мекемелердің бірінде заңсыз әрекет жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 213-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (бұзақылық) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк.

21 жастағы студент Олег Гусаревич оқиғаның мән-жайын айтты. Оның айтуынша, шабуыл жасаған адам мас болған.

"Мұрным үш жерден сынған, бет сүйегім шығып кеткен, бүйрегім зақымданған. Сол қолымның екі саусағы да жарақаттанған. Достарыммен сыртқа темекі шегуге шықтық, бір-екі минуттан кейін ол артымыздан шықты. Ол мені және қасымда тұрған досымды құшақтап алды. Былай айтқанда, бейтаныс, мас адамның құшақтап алғаны жағымсыз.

Ол темекі сұрады, мен оған жауап ретінде оның қолын алуын өтіндім. Ол менің иығымнан ұрып қойды. Яғни, ол сөйтіп 15-20 секундтай тұрды. Мен оған тиіспе деп айта бердім. Кейін мені алып келіп ұрды", - деді жігіт Mash Telegram арнасына.

Кейін оқиғаның видеосы пайда болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек