Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.

Бейбіт Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. 

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан