Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: ©instagram.com/kmff.kz

Шағын футболдан Біріккен Араб Әмірлектерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты. Отандастарымыз 1/8 финалда Мексика елінің футболшыларын ұтты. 

Ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 2:1 есебімен басым болды. Александр Кислицын мен қақпашы Александр Рушинас соққан голдар құрамаға жеңіс сыйлады. 

Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, БАӘ құрамасы 2:1 есебімен ұтқан болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай