Қазақстандық мерген қыз Париж Олимпиадасы жолдамасын жеңіп алды

Қазақстандық Арина Алтухова 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасын иеленді. 

Мерген қыз Олимпиада лицензиясын Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіп алды. Арина винтовкамен 50 метрден нысана көздеуде 590 ұпай жинады. Нәтижесінде финалға шығып, жолдамаға ие болды. Финалдық кезеңде 5-орын алды. 

Нысана көздеуден бұл Қазақстан құрамасы қоржынына түскен екінші лицензия. Бұған дейін Әзербайжанда өткен әлем чемпионатында Ислам Сәтпаев алғашқы жолдаманы иеленген еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!