Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Рас-әл-Хаймде (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңін сәтті аяқтады. "А" тобындағы соңғы ойында отандастарымыз БАӘ құрамасын 2:1 есебімен ұтты. 

Қазақстан құрамасы топтағы үш ойында да жеңіске жетті. Бірінші ойында Гана құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Топтағы екінші ойында Үндістан футболшыларынан 16:0 есебімен басым болды. Нәтижесінде 9 ұпаймен көш бастап шықты. Екінші орынды 6 ұпай жинаған БАӘ құрамасы еншіледі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!