Бублик Париждегі турнирдің бірінші айналымында америкалық теннисшіні жеңді

Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP 1000 "Мастерс" турнирінің екінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші айналымдағы кездесуде ATP рейтингінде 33-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 14-ракеткасы америкалық Фрэнсис Тиафоны 6:3, 6:4 есебімен екі сетте ұтты.

Бубликтің келесі қарсыласы чилилік Николас Гарри болмақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!