Елена Рыбакина WTA шешуші турнирінің алғашқы матчында жеңіліп қалды

Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA Finals турнирінде Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді.

WTA қорытынды жарысына алғаш рет қатысып жатқан Рыбакина келесі ойынын Мария Саккаримен өткізеді. Содан кейін Арина Соболенкомен кездеседі.

Жартылай финалға шығу үшін қалған екі бәсекеде жеңуі қажет.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!