Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінде жүлделі орыннан көрінді

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі. 

Денис Никиша, Әділ Галиахметов, Еркебұлан Шамұханов және Мерсаид Жақсыбаевтан құралған команда 5 000 метрлік эстафета жарысында үшінші нәтиже көрсетті. 

Эстафеталық жарыста Қытай құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орыннан Канада шорт-трекшілері көрінді.

Бұл жаңа қысқы маусымдағы Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз