Рамазан Оразов еуропалық команда сапындағы бірінші голын соқты

Рамазан Оразов еуропалық команда сапындағы бірінші голын соқты
Фото: ©ФК "Копер"

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Словенияның "Копер" командасы сапындағы бірінші голын соқты. 

Словения чемпионатының 13-турында "Копер" "Браво" командасына қарсы ойын өткізді. Ойынның 33-минутында отандасымыз Рамазан Оразов гол соғып, командасын алға шығарды. 

Ойын аяқталғанға дейін қонақтар есепті теңестіріп, ұпай бөлісті. Қазіргі таңда Рамазан ойнайтын "Копер" 26 ұпаймен 2-орында келеді. 

Айта кетейік, қазақстандық футболшы Словения елінің клубына Қостанайдың "Тобылынан" тамыз айында ауысып барған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай