Қазақстандық Пара Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы болды

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден Ханчжоуда өтіп жатқан Пара Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 200 м қашықтықты брасс әдісімен 2:16:74 минут уақыт көрсеткішімен жүзіп өтіп, жарыс рекордын жаңартты.
 
«Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали бұған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде де алтын алған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!