Футболдан Қазақстан құрамасының Еуро іріктеуіне қатысатын құрамы жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасының Еуро іріктеуіне қатысатын құрамы жарияланды
Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Тізімге 40 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Егор Ткаченко, Дамир Қасаболат (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков, Бейбіт Ғалым (барлығы – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»), Бақдәулет Зүлфикаров («Қайсар»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын Астанада, «Астана Арена» стадионында өтеді және елорда уақытымен 21:00-де басталады. Билеттер 30 қазанда сатылымға шығады. Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Ойын Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 01:45 (жергілікті уақытпен 20:45). 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай