Камила Берліқаш дзюдодан Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

Камила Берліқаш дзюдодан Grand Slam жарысының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Абу Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысының күміс жүлдесіне ие болды. Финалдық белдесуде ол португалиялық Рушель Нуньеспен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Камила Берліқаш жарыс кезінде 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлығы 4 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Ивана Сутало (Хорватия), Джованна Сантосты (Бразилия) айқын басымдықпен ұтып, өз тобынан үздік шықты. Ал жартылай финалда Ерика Симонеттиден (Италия) басым түскен болатын.

Айта кетейік, Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды. Осыған дейін Grand Slam кезеңінің финалынында Қазақстан құрамасынан тек Галбадрах Отгонцэцэг (2016) күрескен.

Абу Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында барлығы 77 елден 440 спортшы бақ сынауда.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай