Әлімханұлы қайда? "Канело" 2024 жылғы қарсыластарын таңдады

Әлімханұлы қайда? "Канело" 2024 жылғы қарсыластарын таңдады
Фото: ©boxingscene.com

Супер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес  (60-2-2, 39 КО) 2024 жылғы жоспарын құрып, қарсыластарын таңдады. 

ESPN Mexico басылымы ақпараты бойынша мексикалық боксшы мамыр айында шаршы алаңға оралады. Отандасы Хайме Мунгиямен (42-0, 33 KO) жұдырықтасады. 

Сауль Альварес одан кейінгі кездесуін қыркүйек айында өткізгісі келеді. Ол кезде америкалық Давид Бенавидеспен (27-0, 23 KO) жұдырықтасуды жоспарлаған. 

"Канеломен" жұдырықтасу үшін қарсыластары да алдыңғы жекпе-жектерінде жеңіске жету керек. Хайме Мунгия қаңтар айында британдық Джон Райдермен  (32-6, 18 КО), ал Давид Бенадиес Деметриус Андрадемен қолғап түйістіреді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы да мексикалық боксшымен жұдырықтасқысы келеді. Бірнеше рет мәлімдеме жасады. Алайда Альварестің отандасымызбен жұдырықтасу жоспарында жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай