Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Еркін күрестен Асылжан Есенгелді Тиранада (Албания) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты. 

61 килоға дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз жартылай финалда қырғыз Тайырбек Жұмашбекұлынан басым болды. Ал оған дейін жапон спортшысы Кайто Морита мен үнді балуаны Акаш Дахиді жарыс жолынан шығарған еді. 

Асылжан финалда ресейлік спортшы Башир Магомедовпен белдеседі. Алтын жүлде үшін өтетін кездесу 25 қазанға жоспарланған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз