Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды
Фото: skysports.com

Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Сарапшылар жас ойыншылардың кейінгі маусымдағы нәтижелерін назарға ала отырып түзген. 

Ең қымбат футболшылар көшін норвег футболшысы Эрлинг Холланд бастап тұр. Екінші орынға француз Килиан Мбаппе орналасқан. Екеуінің де трансферлік құны 180 миллион еуро деп белгіленген. Үштікті ағылшындық жартылай қорғаушы Джуд Беллингем түйіндеген. 

Ең қымбат футболшылар ондығы:

1. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", 180 миллион еуро).
2. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 180 млн).
3. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид, 150 млн).
4. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид, 150 млн).
5. Букайо Сака ("Арсенал" Лондон, 120 млн).
6. Виктор Осимхен ("Наполи", 120 млн).
7. Харри Кейн ("Бавария", 110 млн).
8. Джамал Мусиала ("Бавария", 110 млн).
9. Филип Фоден ("Манчестер Сити", 110 млн).
10. Деклан Райс ("Арсенал", 100 млн).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай