"Ордабасы" өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды. Келер маусымда команда Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. 

"Ордабасы" биылғы Қазақстан чемпионаты ақталуына бір тур қалғанда чемпиондық атаққа қол жеткізді. Өз алаңында "Шахтерды" 3:1 есебімен ұтып, жанкүйерлерін қуантты. 

Маусымдағы маңызды ойында алаң иелері сапынан Айбар Жақсылықов, Шахбоз Умаров және Артем Беседин гол соқты. Осылайша 58 ұпаймен чемпиондық атаққа қол жеткізді. 

Айта кетейік, "Ордабасы" биыл Қазақстан кубогының финалына да шықты. Онда Қостанайдың "Тобыл" клубымен ойнайды.