Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Бублик Антверпендегі (Бельгия) турнирдің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Александр Бублик ATP 250 турнирінің ширек финалында француз Джованни Мпетши Перрикарды  6:4, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Ойын 1 сағат 28 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық сегіз эйс орындап, алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда Бублик германиялық Максимилиан Мартерермен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!