Жібек Құламбаева Франциядағы ITF турнирінің финалында ойнайды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF W25 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Жібек Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка бүгін соңғы бәсекеде франциялық Ясмин Мансури - бельгиялық Лора Солденмен бас жүлдені сарапқа салады.

Қазақ-поляк жұбы дода барысында алдымен тартысты матчта франциялық Диана Мартынов - ұлыбританиялық Матильда Мутавджичті жолдан тайдырды - 6:7 (6:8), 6:1, 10:5. Жартылай финалда бельгиялық Мари Тифани - франциялық Бенуа Леметрмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Мартына мен Жібек 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 4:2 болған мезетте қарсыластары ойынды жалғастырудан бас тартты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!