"Миланның" 20 жастағы футболшысы 14 күннен бері табылмай жатыр

"Миланның" 20 жастағы футболшысы 14 күннен бері табылмай жатыр
Фото: sport.sky.it

Швецияның "Норрчёпинг" клубында жалда ойнап жүрген "Милан" командасының шабуылшысы Эмиль Робак із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Sport Sky басылымы

Басылым ақпараты бойынша, 20 жастағы футболшы 14 күннен бері табылмай жатыр екен. Швециялық клуб басшылығы мен футболшының отбасы қайда кеткенін білмейді. Ал Эмиль Робак баратын жері мен жоспары жайлы ешкімге ескертпеген. 

Эмиль Робак 2020 жылдан бастап "Милан" командасымен келісімшарттағы футболшы. Ал швед клубында осы жылдың қараша айына дейін жалда ойнауға келген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай