Шавкат Рахмонов UFC 5 ойынында үздік бес спортшы қатарына енді

Шавкат Рахмонов UFC 5 ойынында үздік бес спортшы қатарына енді
Фото: vesti.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов EA Sports өнімі UFC 5 видеойынында жартылай орта салмақтағы үздік 5 спортшының қатарына енді, - деп жазады Vesti.kz.

UFC 5 ойыны 2023 жылдың 27 қазанында айналымға шығады. PlayStation 5 және Xbox Series X|S консулдарында қолжетімді болады. Ойында жеке жекпе-жектер, мансап құру, онлайн жекпе-жектер, рейтингілік жарыстар ұйымдастыру мүмкіндігі бар. 

Ойын рейтингі төмендегідей:

1. Жорж Сен-Пьер (Канада);
2. Леон Эдвардс (Великобритания);
3. Камару Усман (США);
4. Колби Ковингтон (США);
5. Шавкат Рахмонов (Қазақстан).

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай