Роналду жанкүйер шабуылынан кейін жарақат алып қалды

Роналду жанкүйер шабуылынан кейін жарақат алып қалды
Фото: Soccer • RF

Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Босния және Герцеговина құрамасына қарсы ойында жарақат алып, ойынды ерте аяқтады.

Ойында 4:0 есебімен португалдықтар ұтып тұрғанда алаңға жанкүйерлердің бірі жүгіріп шыққан. Оны алаң жиегіндегі стюардтар қорғамақ болған сәтте футболшы зардап шеккен. Қарбалас кезінде Роналдудың аяғын біреуі басып кеткен. Шабуылшы аяғын сылти басып, алаңдағы орнын босатты. Оған дейін ол екі гол соғып үлгерген болатын.

Кездесуде 5:0 нәтижесімен Португалия құрамасы жеңіске жетті. Роналдудан өзге Бруну Фернандеш, Жоау Феликс пен Жоау Кансело бір-бір голдан еншісіне жазды.

Португалия 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алып үлгерді. Олар топтық кезеңдегі барлық ойында ұпайдан шашау шығармай келеді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай