Қазақстандық шахматшы қыз әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Ксения Балабаева Италияның Пула қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанды. Отандасымыз блиц жарысында үздік шықты. 

Бір қызығы, шешуші ойында алтын мен күміс жүлдені қазақстандық шахматшылар сарапқа салды. Ксения отандасымыз Әмина Қайырбековадан басым болып, чемпиондық атақты еншіледі. 

Бұған дейін рапид сайысында Ксения Балабаева күміс медаль иегері атанса, Зейнеп Сұлтанбек үшінші орыннан көрінген еді. 

Ерлер арасында блицтен Арыстан Исанжулов үшінші орын алды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз