Алексей Луценко "Түркия туры" көпкүндігінде топ жарды

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко "Түркия туры" көпкүндік жарысында жеңімпаз атанды. Үшінші кезеңнен бастап көш басына шыққан отандасымыз жарысты Стамбулда жеңіс тұғырында аяқтады. 

Біздің команда үшін маусым тамаша аяқталды. Алексей арнап жасаған күнтізбеміз сәтті шықты деуге болады. Ол маусым басында ауырып, кей жоспарларды жүзеге аспағанымен, жыл соңына қарай өз бабына келіп, Азия ойындары мен "Түркия туры" жарысында жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама сапында маңызды ұпайларға қол жеткізіп, Париж Олимпиадасының 2 жолдамасын еншілеуге септігін тигізді. Бұл біз үшін маңызды болған еді, нәтижеге разымыз, - деді Astana Qazaqstan Team командасының бас менеджері Александр Винокуров. 

"Түркия туры" көпкүндігі қорытындысы бойынша қазақстандық команданың тағы бір өкілі жүлдегерлер қатарына ілікті. Ол – Харольд Техада. Astana Qazaqstan Team легионері мансабында алғаш рет жүлделі орыннан көрінді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!