Жәнібек Әлімханұлы Тоқаевқа және күллі қазақ жұртына үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы Тоқаевқа және күллі қазақ жұртына үндеу жасады

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және күллі қазақ жұртына алғыс айтып, жеңіспен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жеңісіммен құттықтап, қолдауын білдіріп жатқан еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтамын. Ел президентінен құттықтау қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ жекпе-жегіме қолдауын көрсеткен Кеңес Рақышев ағама алғыс айтамын. Әрине, күллі қазақ жұртына да көп рақмет. Қолдауларыңызды сездім! Жеңіс құтты болсын!", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан