Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэнь челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Денис Евсеев әлемнің 146-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичке 2:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Рейтингте 302-сатыдағы Жукаев әлемнің 503-ракеткасы, белоруссиялық Егор Герасимовтан айласын асыра алмады – 7:6 (7:4), 2:6, 3:6.

Бейбіт екінші сет басында жарақат алды, дегенмен қазақстандық теннисшы матчты аяғына дейін ойнады. Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бейбіт 14 эйс жасап үлгерді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз