Top Rank Жәнібек Әлімханұлының үздік 5 нокаутын анықтаған видео жариялады

Top Rank Жәнібек Әлімханұлының үздік 5 нокаутын анықтаған видео жариялады
Фото: Top Rank

Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының ең үздік 5 нокаутын тізген видео жариялады. Отандасымыз жексенбінің таңында Розенбергте (АҚШ) IBF чемпиондық атағына ие Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасады. 

Жәнібек орта салмақта (72,6 кило) WBO чемпиондық атағына ие. Германиядан шыққан қарсыласы да өз атағын қорғауға дайын. Қазақстандықтар жекпе-жекті QazSport арнасынан тамашалай алады. 

Розенбергтегі бокс кешін Top Rank компаниясы ұйымдастыруда. Шаршы алаңдағы шайқас алдында отандасымыздың үздік нокауттарын түзген арнайы видео жариялады. 

Видеода төмендегі 5 жекпе-жек топтастырылған:

1. Жәнібек Әлімханұлы — КО 5 — Стюарт Маклеллан (17 тамыз 2019; Лос-Анджелес, АҚШ);
2. Жәнібек Әлімханұлы — ТКО 8 — Хассан Энжикам (20 қараша 2021; Лас-Вегас, АҚШ);
3. Жәнібек Әлімханұлы — КО 2 — Гонсало Кориа (9 қазан 2020; Лас-Вегас, АҚШ);
4. Жәнібек Әлімханұлы — КО 2 — Дэнни Дигнум (21 мамыр 2022; Лас-Вегас, АҚШ);
5. Жәнібек Әлімханұлы — КО 2 — Стивен Батлер (13 мамыр 2023; Стоктон, АҚШ). 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай